ИСЛАМ АҒЫРАШҰЛЫ
1946 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жамбыл атындағы колхозда туған.
Жасынан өлең, жырға құмар боп өскен жас ауыл жыршылары Тұрақ Байболов пен Сары Рахметовты ұстаз тұтып, өнерін ұштады. Сонымен қатар өлең жазумен айналысып жырлары аудандық, облыстық баспасөзде жарияланып тұрды. Өнер өлкесінде аудандық, облыстық байқаулардың бірнеше рет жүлдегері болды. Оның өлеңдері Жалағаш ауданының 70 жылдығына арналған «Жалағаш жері – жыр кені» атты Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәдениеттік майдангерлер» атты жинақтарға енді.
Оның жыр қорында Сыр бойы шайырларының шығармалары, ауыл ақыны Бақберген Кәрібаевтың шығармалары бар. Қазір Жалағаш ауданы Мәдениет ауылында тұрады. Зейнеткер.