БЕРІК САЙМАҒАМБЕТОВ
1972 жылы Жалағаш ауданының Қаракеткен ауылында дүниеге келген.
1989 жылы Қызылорда қаласында өткен «Рауан» аймақтық фестивалінің лауреаты.
1992 жылы Қармақшы қыстағында өткен республикалық жыраулар байқауының ІІ орын иегері.
2008 жылы Қарақалпақ елінде өткен Есжан бақшының (жырау) 150 жылдығына орай ұйымдастырылған жыраулар байқауында ІІ жүлделерді иеленген.
1993 жылы Ленинград қаласындағы фольклорлық «Лорд» конференциясына қатысқан.
Алматыдағы «Шартарап» баспасынан Наурызбай Айтуарұлы мен Разақ Мыңжановтардың еңбектерін жинақтаған «Тұнық тұма» атты тұңғыш зерттеу кітабы жарық көрген.