АҚҚҰЛЫ ҚОСАЙҰЛЫ ШЫМЫРБАЙТЕГІ

Аққұлы шамамен 1840 жылдарда Қуаңдария болысында Ақтайлақ кезең Бұқатышқан деген жерде өмірге келген. Өзі өскен Кетенің Текей аталығының көшбасшысы, елінің биі, әрі ақсақалы болған. Шығу тегі Кіші жүз, Қаракесек бірлестігінің Кете руынан. Кетенің Асанынан, Қарпық батырдың Текей батыр әулеті Шымырбай аталығынан.

Аққұлы Шымырбай өзінің туған жерінде 1910 жылдар шамасында қайтыс болған. Сол кездегі Сыр бойындағы атақты Ешнияз сал Жөнелдік ұлының әндерін көп насихаттаған әнші. Заманындағы шайырлардың терме-толғауларын біздің заманымызға жеткізген өнер өкілдерінің бірі.