СҮГІРӘЛИЕВА САЛТАНАТ КЕҢШІЛІКҚЫЗЫ
1974 жылы 8 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында дүниеге келген. Ташкенттегі ақындар мен Тауелібай жеріндегі барлық қазақ ауылдарын жыраулық өнермен аралап шықты. «Салтанаттың әндері» атымен үнтаспасы шығарылды. Сонымен бірге Ташкент орталық телеарнасының жыраулар қорына түсірілді.
1998-2002 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университеті «Педагогика және музыка» факультетінің «0621-Дәстүрлі өнер-жыр» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. Бірінші курсында республикалық ғылыми жобаға қатысып, І орынға ие болды. Бітірген соң университет жанынан ашылған жас өнерпаздар мектебінің жыраулық өнері бойынша үйірме жетекшісі болып бір жылдай жұмыс жасады. Одан кейін 2003-2005 жылдар аралығында Қызылорда мәдениет үйі және соқырлар қоғамында дәстүрлі жырдан сабақ берді.
2005 жылы Алматы қаласының №17 орыс мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі және аудармашы болып жұмыс жасады. Одан соң «Зағиптар қоғамында» дәстүрлі әннен сабақ берді.
2013 жылдан бері Жастар саясаты бөлімі аясындағы «Арманшыл» және «Апельсин» демалыс орталықтарында педагог-музыкант, дәстүрлі ән-домбыра үйірмесінен сабақ беруде. Сол аралықтарда өзінің жеке ән жинағын шығарды. Ол туған жерге арналып «Сыр Ана» деген атпен шығарылды. Қазіргі кезде тек дәстүрлі домбыра ғана емес, эстрадалық жанрда да жаңа айтылмаған әндерді айтып жүр. Мәселен, «Достар арман», «Сағындыр», «Жігіттерге өсиет» т.с.
Жыр қорында Тұрмағамбеттің, Балқы Базардың, Бұқар жыраудың т.б. жас ақындардың мысал шығармалары бар.