ОРАЗАЛЫ ӘЛІШБЕКОВ

 

ОРАЗАЛЫ ӘЛІШБЕКОВ

 

          1975 жылы Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетінің  «Дәстүрлі музыка және жыр» факультетін бітірген.

          2002 жылы  «Жыр – ұлт мұрасы» атты жырау, терме, шешендік өнер және батагөйлердің облыстық конкурсына қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Мәдениет саласында 2004 жылдан бері қызмет етеді.

2005 жылы Ақтау қаласында Шотан батыр Назарұлының 300 жылдық мерейтойына арналған жазба ақындар мүшәйрасы мен жыршы -термешілер байқауына қатысып, дипломант атанды.

2007 жылы Шиелі ауданында өткен  «Ән еркесі – Нартай» атты облыстық байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Майданнан хат» облыстық жыршы-жыраулар конкурсынан Бас жүлде иеленді. Қазіргі уақытта облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығында жұмыс атқарады.