НҰРЛАН НҰРБАЕВ

 

НҰРЛАН НҰРБАЕВ

 

1975 жылы 20 мамырда Жалағаш ауданына қарасты Жалағаш совхозында дүниге келген.

Мектеп қабырғасында жүріп терме айтып, мектеп аралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жыр күмбезі – жыраулық өнер» атты жыраулар мен термешілердің аудандық байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен, жыршы-термешілердің ҮІІ облыстық «Жыр керуен» телефестиваліне қатысып, Сыр сүлейлерінің мол мұрасын насихаттауға зор үлесін қосқаны үшін дипломмен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Майданнан хат» атты облыстық жыршы-термешілер байқауында майдан даласында жазылған елге деген сағынышқа толы жыр жолдарын Сыр мақамдары арқылы жырлап ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданғанына 20 жыл және атақты жырау Нұртуған Кенжеғұлұлының туғанына 120 жыл толуына орай өткізілген «Қанекей, тілім, сөйлеші!» атты облыстық жыршы- термешілер байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.

Жыр қорында Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбеттің, Базар жыраудың, Нұртуған шайыр, Жиенбай жыраудың терме-толғаулары бар.