АЙДОС РАХМЕТОВ

 

АЙДОС РАХМЕТОВ

 

          1976 жылы 15 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Өнерге 1997 жылы Ш.Төлепова атындағы жүлде үшін жыршы-термешілердің облыстық байқауына қатысудан бастап, сол жылдан бері байқау, конкурстардың жүлдегері атанып келеді. Айтысқа алғаш рет  1998 жылы «Студенттер көктемі» фестиваліне қатысып, Бас жүлдегер атанды. Сол жылғы халық ақыны М.Көкеновтің 70 жылдығына арналған жастар мен студенттердің облыстық айтысының, 1999 жылғы Ә.Тәжібаевтың 90 жылдығына арналған «Сырдың Гейнесі мен болам» атты оқушылар мен студенттердің облыстық айтысының Бас жүлдегері.

          2003 жылы Шиелі ауданында өткен «Мен де ауылда туылғанмын», «Жырлайын мен, Махамбеттей ерімді», Қазалы қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған «Тамыры терең, тарихы кемел – Қазалы», Байқоңыр қаласында өткен «Манаптың бір өзі – бір театр» атты аймақтық ақындар айтысында ІІІ орынды жеңіп алды. Ол 2008 жылы «Аламан» телеайтысына қатысып, жақсы өнерімен республика жұртшылығына танылды. Осы жылғы Қызылорда облысы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған республикалық «Сыр – Алаштың  анасы» атты жекпе-жек айтыстың, 2010 жылы Арал күндері аясында өткен аймақтық ақындар айтысының Бас жүлдегері. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі жыр өнері» кафедрасының түлегі. Облыстық филармонияда термеші болып жүрген уақытта «Сүлейлер салған сара жол» деген рубрикамен лекция-концерттер және 2010 жылы өзінің жеке шығармашылық кешін ұйымдастырып өткізді.

          Қазір Қазанғап атындағы музыкалық колледжінде шәкірттеріне терме-жырдың қыры мен сырын үйретіп, жыршылық дәстүрге тәрбиелеуде.