СЕРІК АЛШОРАЗОВ

СЕРІК АЛШОРАЗОВ

 

          1973 жылы 20 қыркүйекте Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген.

          2000-2004 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін «Дәстүрлі өнер-жыр» мамандығы бойынша бітірген.

1999 жылы аудандық мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 55 жылдығына орай өткізілген жыршы-термешілер байқауында жүлделі  ІІІ орын, 2001 жылы облыстық жас ақындар мүшайрасында жақсы өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталған.

2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған студент аралық ақындар мен жыр мүшайрасында жүлделі ІІІ орын иегері.

2001 жылы «Сыр сұңқары-2001» сайысында жүлделі І орын иегері.

2003 жылы Қызылорда қаласында өткен «Қанекей, тілім, сөйлеші!» атты қалалық байқауында жүлделі І  орынды жеңіп алды.

Қазіргі уақытта қалалық мәдениет бөлімен қарасты Белкөл кент клубының директоры.