АЙНҰР ЕРНИЯЗОВА
1980 жылы, 8 маусымда, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс кеңшарында дүниеге келген. Алғаш анасынан домбыра ұстауды үйреніп, мектеп қабырғасында жүріп, жыршы-термеші Тұрмағамбетова Даражадан терме айтуды меңгерген. Аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
1998 жылы Семей қаласында өткен І республикалық студенттік жастар «Біз – Қазақстанның болашағымыз» фестиваліне қатысып, лауреат атанды.
2011 жылдан бері оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Жас термешілер» үйірмесінің жетекшісі.
2015 жылы Білім қызметкерлерінің «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің шәкірттер тәрбиелеуде балалар шығармашылығына үлес қосып келеді. Астана қаласында өткен республикалық телевизиялық «Айгөлек» балалар байқауында қызы Сәндібек Көркеммен бірге өнер көрсетті. Осы байқауда І орынмен марапатталып, шәкірт тәрбиелегені үшін алғыс алды. Қазіргі таңда 6 баланың анасы.