БИСЕНБЕК ТӨЛЕУБАЕВ

БИСЕНБЕК  ТӨЛЕУБАЕВ

                                                                 

       1985 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, қазіргі  Бұхарбай батыр ауылында дүниеге келген.

          2001-2005 жылдары Қазанғап атындағы Қызылорда музыка колледжінде Е.Мұстафаевтың сыныбын домбыра мамандығы бойынша бітіріп шықты.

          2005-2006 жылы Алматы қаласы М.Әуезов ауданында №119 орта мектепте музыка пәні бойынша ұстаздық етті.

          2007-2011 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, филология ғылымдарының кондидаты Ұлжан Байбосынованың класынан дәріс алып шықты.  

          2010 жылы Медеу ауданындағы «Көкіл» мектеп-колледжінде өз мамандығы бойынша қызмет жасады.

          2011 жылы Біріккен Араб әмірлігінде, 2012 жылы Тәжікстанның Душанбе қаласында, 2013 жылы Түркияның Стамбул қаласында,  2016 жылы Мәскеу қаласында өнер көрсетті.

          2008-2009 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында «Сегіз қырлы» тележобасының жүлдегері атанды.

          2011 жылы Ақмырза Тұяқбаевтың 100 жасқа толуына байланысты ұйымдастырылған аймақтық  жыршылар конкурсының І орын жеңімпазы.

          2012 жылы Астана қаласында өткен «Өздерің білер Нартаймын» атты республикалық конкурстың арнайы жүлдегері.

           2014 жылы Жалағаш аудандық әуез мектебінде домбыра класы бойынша жұмыс жасады. Сонымен қатар республикамыздың барлық облыстарында концерттік іс-сапармен барды. Облыстық телеарнадан «Жыр керуен», «Сыр сүлейін сұрасаң...» бағдарламасына түсті.

           2015 жылдың қыркүйек айынан бастап филармония дәстүрлі орындаушысы болып қызмет жасайды. 

          Жыр қорында Сыр сүлейлерінің терме-толғаулары, ақын Р.Батырбаевтың «Бұхарбай батыр» дастаны, жырау С.Қожағұлұлының «Жанқожа батыр дастаны», Балқы Базар жыраудың «Әмина қыз» дастаны бар. Сонымен қатар Арқа  әншілік мектеп өкілдерінің композиторлары Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұсаның, Шашубай, Нартайдың әндерімен қатар, Құрманғазы, Дина, Абыл, Қазанғап, Сүгір, Мырза, Әлшекейдің күйлері бар.