ДУМАН АХМЕТОВ

ДУМАН АХМЕТОВ

 

           1991 жылы 1 қаңтарда Жалағаш ауданы, Аққолқа елдімекенінде дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы университеттің түлегі. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен  «Жыр керуені», «Сыр сүлейін сұрасаң...» бағдарламаларына қатысты.

2015 жылдан бастап Жалағаш аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарып келеді.

Жыр қорында Запа Даулетбаевтың «Сыр сүлейлері», Тұрмағамбет Ізтелеуовтің «Бір Алла», Асқар Тоқмағамбетовтың «Жастарға өсиет», Кете Жүсіптің «Жастарға өсиет», Базар жыраудың «Бір пияла май» атты мысалы, Әбзәли Егізбаевтың «Майданнан хат», Нұрхан Ахметбековтың «Ұры қарға» дастаны, халық шығармашылығынан «Көрұғлы» дастаны бар.