ЭЛЬВИРА ЕСНАЗАР
1996 жылы 5 тамызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.
Мектеп қабырғасында алғаш домбыра ұстатқан Жүсіп Нұргүл ұстазынан жыр үйреніп, өнерге деген сәтті қадамы басталды. Ең алғаш жетістігі -ҮІІ облыстық «Бозторғай» балалар байқауының, дәстүрлі терме номинациясы бойынша І орынды иемденді.
2011 жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде «Дәстүрлі жыр-терме» класына оқуға түскен. Колледж қабырғасындағы ұстазы – айтыскер-ақын Айдос Рахметов.
2013 жылы Қызылорда облыстық филармониясына жұмысқа қабылданып, өнер ұжымымен бірге Түркия, Татарстан елдерінде өнер көрсетті.
Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Дәстүрлі жыр» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Жаңабергенованың шәкірті.