КЕНЖЕҚОЖА ҚҰЛМЫРЗАЕВ

КЕНЖЕҚОЖА ҚҰЛМЫРЗАЕВ

(1898-1945 жж.)

 

          Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аламесек ауылында туған. Ауыл молдасынан оқып хат таниды.

1931 жылғы ашаршылықта Меркеге келді. Бірер жылдан кейін Ташкент маңына қоныстанады. Ақындық өнерімен өлең-жыр айтып көп жерді аралайды. Өзбекстанның Андижан, Самарқанд, Хорезм, Қаршы облыстарында, Қарақалпақ, Қырғыз елінде болады. «Мың бір түн» ертегісінің 72 түнінің әңгімесін өлеңмен жырлайды. Көптеген толғау термелер шығарады. Бұлардан басқа «Қазақ пен Қырғыздың айтысы», «Кенжеқожа мен Әбілдің айтысы» деп аталатын туындылары кезінде хатқа түспеген. «Ақындар», «Шын жүйріктің белгісі» деп аталатын термелері жарияланды. «Пернедегі термелер» (1965 ж.) Өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар (Қ.Саттаров, М.Жармұқамедов) жазылды.

1945 жылы Ташкент облысы, Жаңажол ауданы, Шорабай ауылында қайтыс болған.