КҮНДЕБАЙ АЛДОҢҒАРОВ

КҮНДЕБАЙ АЛДОҢҒАРОВ

(1900-1975 жж.)

 

          Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. Жасынан әзіл-сықақ, аңыз әңгіме айтуға әуестенген. Нартай, Тұрмағамбет, Асқар, ақындардың әзіл-оспақ, өлең-фельетондарын жатқа айтқан. «Жеңгесіне айтқан сыны», «Жездесіне көңіл айту», «Есекпен үйге кіру», «Қырық өтіріктің жаңа түрі» сияқты күлдіргі әңгімелері жазылып алынған. Н.Бекежановтың концерттік-эстрадалық бюросының құрамында ел аралап, жыршылық өнерді кәсіп еткен. Музыкатанушы З.Жанұзақова Сыр өңіріне жасаған кешенді экспедиция кезінде жыршының орындауында «Әнім едің салатын таңға тақау» (К.Алдоңғаров), «Зілғараның әні», «Жеңіс жыры» (А.Бегімов, Н.Молыбаев), «Әлібектің әні» (Ә.Бәйкенов), «Көктем» (А.Тоқмағамбетов), «Мен келген Қармақшыдан қартың едім» (Т.Салқынбаев), «Мәншүк туралы ән» (Ә.Оңалбаев), т.б. терме-толғаулар жазып алынған. «Біз Жетісуданбыз» кинофильміне түскен.