ӘБДІРАСЫЛ ҚҰЛТАЙБАЕВ (Қылағай)

ӘБДІРАСЫЛ ҚҰЛТАЙБАЕВ (Қылағай)

(1907-1958 жж.)

 

          Ел ішінде «Қылағай» деген атпен мәлім болған Әбдірасыл жырау қазіргі Тереңөзек аймағындағы Құндызды елдімекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін осы күнгі Сырдария ауданы Құндызды ауылдық кеңестегі Сәкен Сейфуллин атындағы совхоздың ізінде еңбек етіп Отан соғысына алынады. Отан соғысынан жараланып елге келген жырау, өзінің туып өскен ауылында түрлі жұмыстар істеп, соғыстан алған жарақатының салдарынан 51 жасында  дүние салады.

Оның жыр қорында Көрұғлы, Алпамыс, Қобланды, Алтын балық т.б қисса-дастандармен қатар Сыр бойы шайыр-ақындарының терме-толғаулары болған.

          Осы зерттеу барысында белгілі қазақ ақыны Нұрқан Ахметбековтың дастанының кейіпкері болған Қарға батырдың (шын аты Беркімбай) жырау Әбдірасыл немере-шөбере туысы болып шықты. Табын руының Әжім аталығынан тарайтын Қарға Құлмағанбетұлы жайлы «Қарға» дастаны біздің Сыр бойы жырауларының сүйікті дастанына айналған. Сырдариялық Серік Өтеуов, аралдық Рысбек Әшімов, жалағаштық Жадырасын Тасбергенов, қармақшылық Әбдірасыл Жұбатқановтар жырлаған бұл қисса Сыр жұртшылығына таныс, етене жақын.

          Жыраудың Мұқан деген жалғыз ұлы қазір Сырдария ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы ауылда тұрады.