МҰХАМЕДИЯР ЖАБАҒИЕВ
(1908-1989 жж.)
Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылында дүниеге келген. Жасынан ән-жырға құмар болған. Сыр бойы ақындарының өлең-жырларын, термелерін кейіннен үлкен дастан, қиссаларды жатқа айтқан. Ол «Алтын балық», «Айша қыз», «Шаһизада», «Мағауия», «Әбу Шаһнама» атты қиссаларды жырлаған. Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Даңмұрын, Сейітжан, Тоғжан ақындарды өзіне ұстаз санаған. «Жақсыбайға» атты поэмасы 1944 жылы жарыққа шықты.
1962-1963 жылдары зерттеуші ғалымдар М.Жармұхамедов, М.Байділдаев, З.Қариев, Жабағиевтің қисса-дастандарын жазып алып, таспаға түсірген. Кейіннен «Көрұғлы», «Әзірет Әлі» қиссаларын, Кердері Әубәкір, Балқы Базардың шығармаларын халық арасына кеңінен насихаттаған.