МЫРЗАБАЙ ӘДІЛОВ

МЫРЗАБАЙ ӘДІЛОВ

(1913-1973 жж.)

 

          Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алғабас ауылында туған «Нартайдың концерттік бригадасы» атанған кәсіби өнер ұжымының алғашқы мүшелерінің бірі. Жамбылдың «Туған елім», Нартайдың «Қызыл Мәскеуің», Кененнің «Бозторғайын», Балуан Шолақтың «Ғалиясын», Манарбектің «Паровозын», Біржанның «Адасқағын», халық әні «Дударайды» орындаған. Төрт жыл бойы Қызылорда концерттік-эстрадалық бюросын (КЭБ) басқарған. Оның орындауындағы «Бейбітшілік», «Төкпе» (Н.Бекежанов), «Айдын көл», «Тойбастар» (Ұ.Бектұрсынқызы), «Қаракөзайым», «Ох, Дариға!» (халық әні), «Құлагер» (Ақан сері) сияқты әндер дыбыс таспасына жазылып алынған.