ӘБДІБЕК АСҚАРОВ

ӘБДІБЕК АСҚАРОВ

(1921-1989 жж.)

 

  «Әбдібек Асқаровты ұмытпайық,              

 Атағы облыста көп тараған...»

Замаддин ақын.

 

          1921 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданының аймағында дүниеге келген. Руы Шобдар-Шөмекей. Әкесі Асқар дәулетті кісі болғанға ұқсайды. Сол кездегі саясат салдарынан қуадалауға ұшыраған жанұясын сақтау мақсатында Әбдібек дүниеге келгеннен кейін Сыр бойына қоныс аударады.

1942 жылы Ұлы Отан соғысына алынып, аяқ-қолынан ауыр жараланып 1945 жылы елге оралады.

          Жыр қорында Сыр бойы шайыр, ақындарының шығармалары,  «Көрұғлы», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», т.б қиссалармен қатар, Базар, Тұрмағамбет, Бұхар жырау, Омар, Қуаныш, Асқарлардың шығармалары болған. «Ол өзімен бірге Қарақұм, Қызылқұм мал жайылымына белгілі жыраулар Әбділда Жүргенбаев, Бекболат Ойсаевтарды арнайы шақыртып алдырады екен. Солармен бірге жүріп малшы ауылдардың арасында жыр-жырлап думанға бөктіреді екен. Магниттік лентаға жазылған дауыстары ел арасында болуы керек» – дейді балалары.

1989 жылы Тереңөзек ауданының  Ильич совхозында қайтыс болады.