ТҰРСЫНКҮЛ БАЯХАНОВА
(1923-1998 жж.)
Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Қарауылтөбе ауылында туған. Нартай Бекежановтың концерттік бригадасында әнші болған. Жыр қорындағы «Қамажай», «Әпиток», «Гәкку» сияқты халық әндерімен қатар, ұстазы Нартайдың біршама әндерін нақышына келтіре отырған.
1970 жылдары оның орындауында «Толқын», «Қара гармонь» (Н.Бекежанов), «Бозбала», «Қолыма алдым гармонь, тартайын деп» (орыстың халық әні), «Отанға», «Алтыным» т.б. әндері таспаға жазылып алынған.