СМАҒЗАМ ҚОРАЗОВ

СМАҒЗАМ ҚОРАЗОВ

(1928-1965 жж.)

 

          Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді атындағы шаруашылық ауылда дүниеге келген. Жасынан домбыраға қосып, Сыр бойы, Қаратау өңірі ақындарының жырларын, толғау-термелерін жаттап айтуға машықтанған. Өзі де ауыз екі өлең шығарған.

          1944 жылы аудандық айтысқа қатысып, жүлде алған. Қызыл отауда, Нартай Бекежановтың концерт-эстрада тобында, автоклубта қызмет істеген. Облыстық айтыста (Қызылорда 1963 ж.) Манап Көкеновпен, облысаралық айтыста (Шымкент 1964 ж.) Есдәулет Қандековпен айтысқан. Ақынның өлең-жырлары, айтыстары жергілікті газеттерде жарияланған.