Мірайдар Темірхан

 

   Мірайдар Темірхан Мірайдарұлы

 

1953 жылы 1 маусымда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты ХХІ партсъезд кеңшарының Амангелді бөлімшесінде дүниеге келген.

Т.Мірайдар он жасынан бастап қолына домбыра алып ән айта бастаған. Есейе келе Сыр бойы жырауларының термелеріне ден қойып, олардың мақам-саздарын үйрене бастайды. Терме айтумен машықтанып, хисса, дастандарды жырлауды қолға алады. Осы жолда атақты Қуандық Бүрлібаевты өзіне ұстаз тұтады, соған еліктеп жыр айтуға ден қояды.

1987 жылдан бастап 1992 жылға дейінгі аралықта Сырдария аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметін атқарған.

 Осы қызметте жүріп ауданның түрлі мәдени шараларында Сыр сүлейлерінің терме-жырларын насихаттаушылардың бірі бола білді. Автоклубпен малшылар мен егіншілерді аралап, еңбек адамдарын жырмен сусындатты.

Бертін келе Т.Мірайдарұлы Сыр бойының белгілі жыр саңлақтары Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Бұдабай ақын, Кердері Әубәкір және олардан кейінгі көптеген жергілікті ақын-жыраулардың жыр-толғауларын жырлаған.

Жыраудың жыр қорында Тұрмағамбеттің «Рауа-Бану» дастаны, «Іскендір» ікаясы мен термелері, Балқы Базардың «Дариға қыз» дастаны мен бірнеше термесі, Шораяқтың Омарының «Әбушаһма» дастаны және оншақты термесі бар. Қазір жырау Т. Мірайдарұлы зейнет демалысында