ҚЫДЫРБЕК МАНАНБАЕВ

ҚЫДЫРБЕК  МАНАНБАЕВ

 

       Қыдырбек Мананбаев 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

          1980-1990 жылдар арасында аудан, облыс, республика, Одақ көлеміндегі дәстүрді өнер-жырдың өкілі болып үлкен сахналарда Сыр мақамдарын насихаттауда көп еңбек етті. Ол 1990 жылы Әзірбайжан Республикасының Кировабад қаласында халық шығармашылығы Бүкілодақтық ІІІ фестивалі аясында өткен Закавказье, Орта Азия және Қазақстан, Дағыстан жыршы-термешілерінің конкусына Қазақстаннан барған 2 жыршының бірі болып өнер жәрмеңкесінің құрметті «Ең жас ұзан» атағына ие болды.

     Сырдария аудандық мәдениет бөліміне клуб меңгерушісі, автоклуб меңгерушісі бола жүріп аудандық, облыстық, республикалық өнер жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жыр қорында Кете Жүсіп «Сұр мерген», Шораяқтың Омарының дастандары, Тұрмағамбеттің шығармалары, Сыр шайырларының терме-толғаулары бар.

    Қазір Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында тұрады.