АЛМАТ ӨТЕУОВ

АЛМАТ ӨТЕУОВ

 

          1979 жылы 13 тамызда Сырдария ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген.

          1996-2000 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы университетінде «Музыка және ән айту» мамандығы бойынша білім алды.

          2002 жылдан «Жетікөл ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы қызметін атқарып келеді.

          2002 жылы облыстық «Сырдария – жырдария» өнер фетивалі аясында өткізілген «Жыршы, термеші, шежіреші, батагөйлер» байқауына «дәстүрлі өнер» номинациясы бойынша қатысып дипломант атанды.

          2005 жылы Қызылорда қаласында өткен «Үздік клуб қызметкері» атты облыстық кәсіптік байқауға қатысып, облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

          2009 жылы «Қанекей, тілім, сөйлеші» атты аудандық жыршылар байқауының Бас жүлдегері. Аталған жылы «Ғасырлар үні» жыршы-термешілердің республикалық байқауына қатысып, дипломант атанды.

2011 жылы «Сыр сүлейі – Қуандық» атты облыстық жыршылар фестиваліне қатысып алғыс хатпен марапатталды.

          2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген «Елім менің» атты облыстық фестиваліне «Орындаушылық шеберлік» номинациясы бойынша қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

          2012 жылы Қалжан ахун Бөлекбайұлының 150 жылдығы мерекесіне орай «Нұр Отан» ХДП Сырдария аудандық филиялының бастамасымен, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының демеушілігімен өткізілген «Ән қанатында» атты дәстүрлі ән мен әншілердің фестивалініне қатысып, Бас жүлдені иеленді.

          2013 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі күні Сырдария аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне Облыстық мәдениет басқарасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

 Жыр қорында   Шораяқтың Омары,   Мешітбай Алтынбаев,  Бұдабай Қабылұлы, Тұрмағамбет, Қуаныш Баймағанбетов, Серік Өтеуов т.б ақын-жыраулардың шығармалары бар.