ДИНА НҰРАБАЕВА

 

ДИНА НҰРАБАЕВА

 

Қызылорда облысы, Сырдария ауданында 1992 жылы 8 шілдеде туылған. Домбыраны 6 жастан бастап тарта бастайды.

11 жасында Тереңөзек қыстағындағы әуез мектебінің домбыра сыныбына қабылданады. Ұстазы – әкесі Жүнісов Қуаныш.

2004 жылы Қызылорда қаласында Қазанғап Төлепбергенұлының 150 жылдығына байланысты республикалық байқау I орын, республикалық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының лауреаты.

 2005 жылы Алматы қаласында Қазақ Ұлттық Консерваториясында өткен Қаршыға Ахмедияровтың шығармашылығына арналған республикалық «Күй-Ұран» байқауында Дина Нұрпейісова атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

          2015 жылы «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауының Бас жүлдегері.

          2008 жылы Темірбек Жүргеновтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Ән қанатында» атты республикалық байқаудын дипломанты.

          2015 жылы «Жыр жүйрігі – Жиенбай» атты аймақтық жыршы жыраулар байқауының ІІ орын.

          2015 жылы Нартай Бекежанов атындағы республикалық байқаудың ІІ орын иегері.                                  

Дина Нұрпейісова атындағы IV республикалық «Бұлбұл домбыра» атты байқаудың дипломанты.

2010 жылы XXXI республикалық орындаушылар байқауының дипломанты.

Мұрат Өскінбаев атындағы республикалық күйшілер байқауының дипломанты.

Қазанғап атындағы музыкалық колледжді 2012 жылы Ерболат Мұстафаевтың сыныбынан бітірген. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Дәстүрлі ән» кафедрасында «Жыр» мамандығы бойынша белгілі жырау, профессор Алмас Алматовтың шәкірті..