ПЕРНЕБАЙ ІЗМӘМБЕТҰЛЫ

ПЕРНЕБАЙ ІЗМӘМБЕТҰЛЫ

 

1953 жылы дүниеге келген. Бойындағы дәстүрлі өнер анасы Зәкира Құраққызынан дарыған.

1974 жылы әскер қатарына алынып, өзінің азаматтық борышын Беларусь мемлекетінде атқарып, 1976 жылы елге оралды. Елге келісімен Комсамол жастар бригадасын басқарып «Мереке-77», «Арай-81» бригадасын құрды.

         

 Өнер адамы қай салада жүрсе де, еңсесі биік, еліне қажет. Қарғалының Пернебайы кешегі Бұдабай Есенбек Иманжүсіп Нартайлардың көшіне еріп көпке танылды.

Әннің киесін таныған, жырдың жотасын бұзбаған, шешен ойдың шеңберін сақтаған дәстүрлі әнші, еңбек майданының қай саласында болмасын, абырой биігінен көрініп жүрген Пернебай Ізмәмбетұлы 63 жаста.