ҚҰРМАНБЕК БЕКПЕЙІСОВ

ҚҰРМАНБЕК БЕКПЕЙІСОВ

(1965-2018 ж.ж)

 

          Бекпейісов Құрманбек Сейдахметұлы 1965 жылдың 16 мамыры күні Қызылорда облысы Шиелі ауданының Тартоғай ауылында дүниеге келген. Бала күнінен көптеген дастан, термелерді жатқа айтатын дарынына қарай ауылдастары оны «бала-жырау» атап кеткен. Жасынан Сыр мақам саздарыменен жыр термелерін елге насихаттап Нартай мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізген ерекше дарын иесі аталған Құрманбек Сейдахмедұлының орындауындағы жыр термелер дүниежүзілік Лорд канференциясының алтын қорына жазылып алынған. Облыстық, республикалық және халықаралық жыр додаларында үздік өнер көрсетіп лауреат атанған.

Нартай ақынның 27 ән мақам саздарын өз айтуында нота парақшасына түсіріп, бүгінде ел қажетіне жарауда. Ел мұрасын насихаттаушылығымен қатар өзінің шығарған дастан термелер бар. Домбыра, сырнай, қобыз аспабыменен жыр жырлау үлгісін ұстанған. Клара Төленбаева, Әзілхан Мақсатбаев Дәулет Әубәкиров, Нұртілек Ақтаев, өзінің ұлы Мұхаммедәлі Бекпейіс секілді өнер майталмандарының ұстазы. Ұлы Мұхаммедәлі Бекпейіс әке жолын қуған жырау, әнші ретінде елге танылып келеді.