САБИТ АБЖАПБАРОВ
1979 жылы Шиелі ауданы, Досбол би ауылында дүниеге келген.
Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы музыкалық колледжінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің түлегі.
Қазіргі таңда Шиелі аудандық Нартай өнер мектебінде мұғалім болып қызмет атқарады.
2015 жылы Әлімхан Оспанов атындағы конкурстың III орын иегері.
2015 жылы Қызылорда облсының әкімінің қолдауымен өткізілген Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Майданнан хат» облыстық жыршылар байқауының дипломанты.
2015 жылы облыстық жыршы-термешілердің «Жыр керуен» телефестиваліне қатысып, дипломмен марапатталды.
Жыр қорында Нартайдың «Жыр бастау», «Соңғы терме», К.Әзірбаевтың «Сынаптай сырғақ дүние», «Жас екпін», «Қайран жастық», «Ой, жайлау», халық әндері «Бұлбұлым», «Сары бидай», Құтбай Дүрбаевтың шығармалары бар.