ІНЖУ ТАСПАМБЕТОВА
1987 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Досбол датқа ауылында дүниеге келген.
Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің «Саздық білім беру» мамандығына түседі. Осы оқу орнын оқи жүріп, әр түрлі облыстық, қалалық ақындар айтысы және түрлі сайыстарға қатысып, өз өнерін, білімін көрсетеді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің түлегі.
2008 жылы Орал қаласында өткен Әбубәкір Кердері атындағы аймақтық, республикалық жыршы-термешілер байқауында I орынды, осы жылы Алматы қаласында өткен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 80 жылдық тойына арналған «Абай әлемі» республикалық студенттік өнер фестивалінде «Абай әндері» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.
2012 жылы Шиелі ауданында өткен дәстүрлі орындаушылардың конкурсында I орынды иеленді.