НҰРТІЛЕК АҚТАЕВ
1990 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік университетің түлегі. Нартай ақынның мұрасын жалғастырушы, белгілі жыршы Құрманбек Бекпейісовтің шәкірті. Республикалық, аймақтық жыршы, дәстүрлі орындаушылардың байқау-конкурстарының жүлдегері.
Жыр қорында Нартайдың жыр-термелері, толғаулары, сонымен бірге Сырдың елі ақын-шайырларының шығармалары мен Арқаның әндері бар.