ІЗБАСХАН ДӘУЛЕТХАН

ІЗБАСХАН ДӘУЛЕТХАН

 

1998 жылы 27 мамырда Қызылорда облысында Шиелі кентінде дүниеге келген.   

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің түлегі.

2015 жылы Қармақшы ауданында өткен «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты байқаудың  III орын иегері.

2015 жылы  жас жыршылар  арасында  өткен «Өздерің білер Нартаймын»  байқауының Бас жүлдесін иеленді.

2015 жылы өткен «Мәнгілік ел» байқауының Бас жүлде иегері.

2015 жылы өткен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Сыр сүлейін сұрасаң...» бағдарламасына қатысып, Нартай Бекежановтың термелерін орындады.

2016 жылы өткен Дельфилік ойындарында «Халық әні» жанры  бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жыр қорында Нартайдың, Ә.Тәжібаетың, Ә.Әбуовтің, Тайжан ақынның терме, толғаулары бар.