БЕКЗАТХАН ӘБДІМӘЖИТОВ

БЕКЗАТХАН ӘБДІМӘЖИТОВ

 

2002 жылы 8 ақпанда Шиелі ауданы Жансейіт ауылында дүниеге келген.

2014-2015 жылы Қызылорда қаласында өткен Сыр елінің балалар шығармашылығын насихаттау, жас өнерпаздарды қолдау мақсатында өткен облыстық ХVII «Бозторғай» байқауында үздік өнер көрсетіп, Бас жүлде иеленді. Алматы қаласында өткен «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық өнер  жарысына қатысып, I орын алды.

 2015 жылы Астана қаласында өткен «Шаттық» жас дарындылар халықаралық фестивалінің лауреаты.

 2015 жылы Қызылорда қаласында өткен Қызылорда өңірлік ХI жастар Дельфийлік ойындарында «Халық әні» жанры бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.

2015 жылы Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ХI Дельфий ойындарына қатысып, «Халықтық ән айту» номинациясы бойынша II  орын  алғаны үшін  күміс медальмен марапатталды.

2015 жылы Шымкент қаласында өткен «Дарын-2015» конкурсына қатысып, II орын күміс медальмен марапатталды.

2016 Шиеліде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпы ұлттық отбасы жалпы ұлттық жобасы аясында өткен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» жобасында  тақырыбындағы өнер фестивалінде «Үздік музыка» номинациясымен марапатталды. «Білім және мәдениет» телеарнасының «Өмір жолы» деректі фильмінде Нартай Бекежановтың өмір жолынан бала Нартай рөлін  сомдады. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Сыр сүлейін сұрасаң...» бағдарламасына қатысып, өз өнерін  көрсетті .

Жыр қорында «Нартайдың жыр бастауы», «Шағалтас», «Базарым тарқап барады», «Нартайдың соңғы термесі», Нартайдың игигайы т.б. халық әндерінен «Күләндә», «Ағажай форум», «Айнам-ау», Тайжан Қалымбетовтің «Сыр жұлдызы», Ә.Әбуовтің «Ризамын өнерге», Есенбектің әні, Иманжүсіп «Ерейментау» әндері бар.