НӨСЕР АЙДОСҰЛЫ

Айдосұлы Нөсер 8.11.2015 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Өнерлі отбасынан шыққан Нөсер 2 жасынан бастап домбыра ұстап, ән салды. Домбыра аспабын анасының үйретуімен игерді. 
2019 жылы 15 мамыр "Отбасы"  күнінде Рахметовтер отбасы әлеуметтік желісі арқылы 4 мың халыққа берген онлайн концертінде Нөсер алғаш көрермен көзайымына айналды. 
2021 жылы Облыстық "QYZYLORDA" телеарнасының ұйымдастыруымен ХIII облыстық "Ботақан" телефестивалінде ең алғаш Нартай театрында өнер көрсетіп, дипломмен марапатталды. 
2021 жылы қыркүйектен бастап Тасбөгет кенті оқушылар мен жасөспірімдер үйінің "Ән-терме" үйірмесіне қатысып, "Асыл мұра" дәстүрлі әншілер ансамблімен бірге байқауларда өнер көрсетіп келеді. 
2022 жылы "Қазақстан" телеарнасының ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында 1 маусым балалар күніне арналған "Балапан" телеарнасының Балапан әлемі" фестивалінде өнер көрсетті. 
2022 жылы "Түрленген Түркістан" II Республикалық жас өнерпаздар арасындағы байқауда бас жүлде иеленді.
2022 жылы 1 қыркүйекте Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 1"е" сынып оқушысы болып қабылданды.
2022 жылы 8 желтоқсанда "Жыр күмбез" атты жыр жәрмеңкесінде Базар жыраудың балалық шағын сомдап, өнер көрсетіп, жырау Алмас Алматовтың батасын алды. 
2023 жылы Шораяқтың Омарының "Жарлы тәліп" дастанын жырлап, "Жыршы бала-2023" атағы беріліп, 100000 тг сыйақымен, бас жүлде иеленді.
2023 жылы 11 мамыр "Бабалар сөзі, даналық көзі" республикалық Жыршы-жыраулар мінажат жыры фестиваліне қатысып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының алғысын алды.
2023 жылы мектептің "Үздік оқушысы" номинациясы, 25000 тг сертификатымен марапатталып 1 сыныпты бітірді. 
2023 жылы наурыз айында Астана қаласы білім басқармасы ұйымдастыруымен, ІІ Республикалық "Қазақтың 100 әні" әншілер байқауында "Ансамбль" номинациясы бойынша "Асыл мұра" дәстүрлі әншілер ансамблі ІІІ орын иеленді. Ансамбль құрамында балалармен бірге Айдосұлы Нөсер өнер көрсетті. 
2023 жылы 13 қарашада "Астана-Мерей" ХІХ Халықаралық орындаушылар байқауына қатысып, 1 орын алып, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Ә.Жүдебаевтың дипломымен марапатталып, 50000 тг сыйлығын алды. 
2023 жылы 8-9 желтоқсанда "Сұлу Сырдан ару Астанаға" атты сырбойылық өнер шеберлерінің  гала концертінде әкесінің "Жыр бастауын" орындап, өнер көрсетті.
2023 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың алғыс хатымен марапатталды. 
2023 жылдың желтоқсанның 26 жұлдызында облыс әкімі Н.Нәлібаевпен бірге 2024 жылдың шырша шырағын жақты.
10.01.2024 ж. Оқушылар сарайы. Қазақстан Қызылорда телеарнасының"БАЛА BEST" бағдарламасында сұхбат берді. 
28.01.2024 ж. 24 KZ арнасының түсірілімінде болып, "Қызылордалық оқушы жеті жасында жыршы атанды" тақырыбында жаңалықтан берілді.
25.02.2024 жылы Н.Бекжанов театрында Қызылорда Қазақстан телеарнасы"Сыр сүлейін сұрасаң" бағдарламасында әкесі А. Рахметовпен бірге өнер көрсетті. 
9.03.2024 жылы Н.Бекежанов театрында "Әділ сөздің алдаспаны" республикалық командалық айтыста (Шымкент пен Қызылорда) команданы таныстырды.