ТӨЛЕУБАЙ ҮРКІМБАЕВ

Халық ақыны Төлеубай Үркімбаев 1898 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Калинин атындағы совхозда туған, 1955жылы қайтыс болған. 1932 жылдан КПСС мүшесі, СССР Жазушылар одағына 1939 жылдан бастап мүше, 16 жасынан бастап Жосалы, Жалағаш теміржол станциясында жұмысшы болып істеді (1914-1917). Өз еркімен Кеңес армиясының қатарына алынып (1918) , бір жылдан кейін денсаулығына байланысты босанады.

Шығармалары мерзімді баспасөз бетінде 1929 жылдан бастап жарияланды, ақындардың жинақтарына “Он жылдағы олжа”, 1930 жылы; “Халық ақындары”, 1953 жылы, “Ақын жырлары” ,1958жылы, “Пернедегі термелер”, 1965 жылы, “Ел аузында” , “Өсиет” кітаптарына қосылған. “Өлеңмен өрілген шындық “ кітабы 2002 жылы шыққан. Қызылорда облысының әкімдігі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті “Сырдария кітапханасы “ 2009 жылы шығармашылық кітабын шығарды. Қазақстан 15 жылдығы белгісімен 1935 жыл, құрмет белгісі орденімен 1945 жыл, бінеше медальдармен, грамоталармен наградталды. 1998 жылы Жалағаш ауданы орталығы және Бұқарбай батыр аулының орталығында көше аты берілді.