НЫСАНБАЙ ЖЫРАУ

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек шаруашылығында дүниеге келген. Руы Ашамайлы Керейт. Туған-туысқандары қазір Жалағаш ауданында, облыс аумағында тұрады. Нысанбай ақын құрдасы Бұқарбай батырмен бірге Кенесары бастаған ұлт азаттық көтерілісіне бастан-аяқ қатысқан. Соның нәтижесінде көркемдігі жоғары «Кенесары Наурызбай» дастанын шығарды.

Дастан 1993 жылы «Хан Кене» жинағына ендірілді. Нысанбайдың бұдан басқа да дастандары, өлеңдері, жырлары шығармалары болды. Бірақ Сталиндік репрессия кезінде Кенесары атымен бірге оған қатысты сөздердің бәрін қанды өшіргішпен сүртіп, ел санасынан аластау шаралары біршама мақсаттарына жеткен сияқты. Нысанбайды кейінгі ұрпақ енді ғана біліп жатыр. Нысанбай мен Бұқарбай М. Әуезовтың «Хан Кене» пьесасындағы басты кейіпкерлердің бірі.

 1995 жылы Жалағаш ауданы орталығындағы бір үлкен көше Нысанбай ақынның атымен аталды.