ЖҰМЫРБАЙ жырау

Жұмырбай Байұлыұлы Сарғасқа руының Жаңғабыл аталығынан шыққан жырау. Туған жері Көкшоқы, қазіргі Аққыр ауылының маңы. Шамамен 1810-1815 жылдары туып, 1868 жылдары қайтыс болған. Оның бірнеше хикая, дастандары болыпты. Бірақ ақынның бүгінге жеткен тарихи жырының үзінділері ғана. Оның «Ер Бәйтік» деген өлеңі:

...Бәйменбетұлы Ер Бәйтік,

Жолдасын жауда қалдырмай.

 

Ақ білегін сыбанған.

Бедеуге мініп белсенген,

Жорғаға мініп теңселген.

Қарақалпақ Нұртайдың,

Қамалын алып қаңғыртқан.

Бесқаладан қашырған,

Мекенінен асырған.

Баяны жоқ, сұм дүние

Бұлар да өтіп дүниеден.

Бәйтіктен туған Тоғанас,

Кесіп түсер көк алмас.

Әруағына бұл ерлердің

Бас иеміз, құлдық бас.