ЖАППАРБЕРДІ ЖЫРАУ (1895-1936 жж.)

   Арал ауданында дүниеге келген. Жаппарберді жастайынан өнерге бейім болып домбыра тартып, ауыл арасында ән, терме айтып  жырау атанған. Ол ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының Мырзастағы жыршылар мектебінде, Жаңаберген, Жәмет, Дәріқұл сияқты жыраулармен бірге дәріс алған. Жаппарберді қайталанбас мақамымен жыр жырлаған. Бір кездерде қатарындағы жырауларға қарағанда Жаппарберді даусынан танбай таң атып, күн шыққанда бір қалыпты жырлаған тыңдаушыларын таңдандырған: жыраудың жыр қорында Нұртуған ақынның бірнеше қисса-дастандары және Қарасақал Ерімбеттің, Кердері Әбубәкір сияқты ақындардың өлең, толғаулары болған. Кейінгі өнерпаз ұрпақтар Жаппарбердінің асыл мұрасын қастерлеп, орындап келеді. Жаппарберді Тілеубердіұлы 41 жасында қайтыс болды. Бейіті Сексеуіл қыстағында.

Арал ауданының Аманөткел ауылдық мәдениет үйіне домбырасы қойылған.