ДӘРІҒҰЛ ӨМІРҚҰЛҰЛЫ (1904-1957 жж.)

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Райым болысы, Ақирек ауылсоветінде, қазіргі Қызылжар колхозынан 7 шақырымдай жердегі Құмбазар деген шағын ауылда дүниеге келген. Руы Жақайым, оның ішінде Көлімбеттің Әйтімбеті. /Құмбазарды «Көлімбет ауылы»  деп те атайды./

Әкесі Боранқұлұлы Өмірқұл шағын шаруа болып ұсталық, зергерлік кәсіппен айналысқан. Бәйімбет Нұртуған шайырдың туған бөлесі.