ҰЗАҚБАЙҰЛЫ ТЕМІРБАЙ (1917-1986 жж.)

1917 жылы Арал ауданы, Ұзынқайыр колхозында дүниеге келген. Жыр қорында Нұртуғанның «Қарасай-Қази», «Едіге», «Орақ-Мамай», «Қарға», «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты жыр-дастандар болған. Оның орындауындағы «Қарасай-Қази» жырын 1970 жылы Д.Жұбатов дыбыс лентасына жазып алған.