САҒЫНДЫҚ ЕСМАҒАНБЕТОВ (1926-1998 жж.)

Ақтөбе облысы, Шалқар елдімекенінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, жанұя жағдайымен Арал ауданына қоныс аударады. Мал шаруашылығы, балық шаруашылығы саласында еңбек еткен.

         Жас кезінен жырға құмар болған Сағындық Есмағанбетов Сыр сүлейлерінің мұрасын насихаттауда аянбай еңбек етті. Соғыстан кейінгі жылдары халықтың еңсесін көтеру жолында рухани азық сыйлай білді.

         Оның орындауындағы 5 сағаттық жырларды ұлы Серік үнтаспаға жазып алған.

         Жыр қорында Нұртуғанның «Қарасай-Қази», «Едіге» дастандарымен қатар, «Тазша бала» дастаны және Сыр шайырларының жыр-термелері болған.

         Жырау  1998 жылы 72 жасында Қызылорда қаласында дүниеден өтті.