БЕРЕКЕТ ОМАРОВ (1932-1984 жж.)

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Райым колхозында дүниеге келген. Дәстүрлі саз өнерінің заңды жалғастырушысы. Ескіше ата-тегі Жақайым, оның ішінде Бердіғұл. Берекет көнекөз жыраулар Махамбеттің Әбілдасы, Дәріғұл, Жәметтерден дәріс алған өнегелі шәкірт және сол ақын-жыраулардың өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізуші. Ақын өзі де өлең жазумен әуестеніп, аудандық, облыстық ақындар айтысына қатысып, өнерін додаға салған. Шаршы топта жүзден жүйрік шыққан Берекетті халық  «дүлдүл жырау» деп атаған. Ол Нұртуған ақынның жырларын алғаш рет күйтабаққа түсіріп, республика жұртшылығына танытты. Ақын 1984 жылы тамыз айында Қызылжар ауылында дүние салған.