Хамза Тоқманбетов 1928 жылы туған. Мектепте оқып жүрген
кезінен бастап көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, ән, жыр, терме айтуға
әуестенеді, жиын-тойларда өнер көрсетіп,
тыңдаушылардың алғысына бөленеді. Хамза Тоқманбетов балық өнеркәсібінде еңбек
етсе де, жыраулық өнердің насихаттаушысы болды. Оның жыр қоры сан алуан. Атақты
Жаңаберген, Сары жырау, Жаппарберді жыраулардың өнерін жалғастырушы. Ол белгілі
Сыр сүлейлері Кете Жүсіптің, Тұрмағамбеттің, Шораяқтың Омарының, Қарасақал
Ерімбеттің шығармаларын көптеп білетін және нақышына келтіре орындайтын.
Х.Тоқманбетов бірнеше рет облыстық, аудандық жыраулық сайысына қатысып, жүлделі
орындарға ие болды. 1989 жылы дүниеден озды.