Сапардың
Махамбетәлі, Үмбетәлі, Баршын атты үш баласының домбыра ұстап, жырау атанғаны
Үмбетәлі еді. Үмбетәлі жасында шынжаулау болып өседі. Жасы 14-15 келгенде
әкесіне: «Мен Нұртуғанға барамын!» – дейді. Әкесі баласы Үмбетәлінің астына
мөлдей қара ат мінгізіп: «Өлеңін үйретсе Нұрекеңе мінгізіп кет!» – дейді.
Сөйтіп
Үмбетәлі Нұртуғанның өзінен тікелей өлеңін үйренеді. Үмбетәлі Нұртуғанның
«Едіге», «Қарасай Қази», «Орақ Мамай» жырларын жатқа айтатын. Дауысы құлаққа
жағымды, сазды сөз ыңғайына қарай жиі құбылтып отыратын. Кейбір тұстарында
тыңдаушысын селк еткізетіндей ащы айқайы да болатын.
Үмбетәлі 1941
жылы соғысқа алынып, 152 атқыштар полкінде 6 ай болып елге ауыр жарақат алып
оралады.
1939 жылы Алматыға дауысын жаздыруға шақырады.
Бірақ тіршіліктен қолы босамаған Үмбетәлі барудың ретін таба алмайды. Үмбетәлі
Нұртуғанға барған сапарында Кәрібоз, Дәріғұл, Жәмет жыраулармен танысып
қайтады. Кейін жиын-тойларда кездесіп, олардың саз-мақамдарын үйренеді. Кейіннен
өзі Арал-Қазалы, Шалқар, Ырғызға дейін аралап, жыр-жырлап жезтаңдай жүйрік
жырау атанады. Үмбетәлі Сапаровтың шәкірті белгілі ақын, сазгер, жыршы, ҚР
Еңбек сіңірген қайраткері М.Сыдықов.