Әкесі Әби елге
беделді молда болған. Сонымен қатар, халық шайырлары Еспембет, Әбубәкір,
Ашубайлардың өлең-жырларының бірден-бір білгірі болған деседі. Әби 1973 жылы 72
жасында қайтыс болады. Руы Наурыз, оның Медеті. Әбдіқұлдың нағашысы Ақбасты,
Ауанды жайлаған. Торжымбайдың Талпағы. Әбдіқұлдың алғашқы ұстазы әкесі Әби.
Әбдіқұл жасы 11-12 келгенде қолына домбыра алып, өлең айтып, қайда
сауық-сайраны бар жерлерді аралай бастайды. Бертін келе Нұртуған ақын жазған
«Едіге», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази» жырларын елге насихаттап, дүбірлі жердің
гүліне айналды. Жырау өмірінше Арал ауданы Ақбасты елдімекеніне қоныс тепкен.
Тек 1985 жылы Жалағаш ауданы Калинин атындағы совхозға көшіп келіп, 1989 жылы
тамыз айының бесінші жұлдызында сол Калинин совхозында ұзаққа созылған науқастан
қайтыс болады. Балаларының ішінде Еркебай мен Ұлжан ата жолын ұстаған,
термешілік өнерлері бар. Жыраудың соңында кезінде Ақбасты елдімекенінің киномеханигі
Нұрлыбай Жандосұлының дыбыс таспасына түсіріп алып қалған 2-3 термесінен басқа
дыбысы немесе басқадай мұрасы сақталмаған.