Арал
ауданының Сазды елдімекенінде туған. Еңбек жолын ауылшаруашылығында бастады. Ол
жастайынан жыр-терме айтумен әуестенеді. Оның репертуары магнитофон таспасын
жазылып, радио арқылы орындалып келеді. Бекбосын Сыр бойы саңлақтарының, оның
ішінде атақты Жаппарберді жыраудың мақамдарын жете игере орындайтын жыршы. Көптеген
қиссаларды және Арал өңірі ақындарының өлеңдерін жатқа біледі. Оның
орындауындағы «Қарасай-Қази», «Едіге» сияқты эпостық дастандарды тыңдаушылар
құмарта тыңдайды. Ол аудандық, облыстық жыраулар сайысының жеңімпазы атанды.