Арал ауданы, Жаңақұрылыс елдімекенінде дүниеге келген
деседі. Ш.Алданұлы тағдырдың тауқыметін тарта жүріп, бала кезден домбыраға әуес
болып өскен. Тек қана әуес болып қана қоймай, Нұртуған бабамыздың төрт қиссасы «Орақ-Мамай»,
«Қарасай-Қази», «Көрұғлы», «Едіге», дастандарын жеті-сегіз жасында жаттап алып,
той-томалақта, елді-елді аралап үш күн, үш түн талмай жырлайды екен. Осылайша
үлкендер оны «бала жырау» атандырып, Арал, Қазалы төңірегінде бала кезден
танымал болыпты. Шамыран жырау 1971 жылы қыркүйек айының 27 жұлдызында қырық
бір жасында дүниеден озған.