1985 жылдан бастап өнер жолын қоса
меңгеріп, жыр-терме орындап, аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі
орындарды иеленген.
1989
жылдан бастап Қожабақы ауылдық мәдениет үйі жанынан ашылған халық ақыны
Байназар Өтепұлы атындағы жыр-терме мектебінің жетекшісі болған. Қазіргі таңда
Серік Кәтішов, Нұргүл Шайық, Едіге Айдаров сынды шәкірттері бар.
Жыр қорында Б.Өтепұлының, Р.Жанайдың,
Н.Кенжеғұлұлының, Қарасақал Ерімбеттің, Тұрмағамбеттің, Дасқал Сәрсенбайұлының,
Балқы Базардың, Алмагүл Қаржаубаевадың, Ә.Қанайұлының термелері мен өсиет
сөздері бар. Жырау 2017 жылдың сәуір айында өмірден озды.