БАЙНАЗАР ӨТЕПОВ (1903-1984 ж.ж)

Байназар Өтепов 1903 жылы 1 қаңтарда Қазалы ауданы Жанкент ауылында дүниеге келген. Халық ақыны.

Қазалыдағы мұғалімдер даярлайтын бір жылдық курсты бітірген (1920). 1920 – 40 жылдары бастауыш мектепте мұғалім, 1941 – 47 жылдары «Қызыл отау» мәдениет үйінің меңгерушісі қызметін атқарған. Облыстық – аудандық айтыстарға қатысып, Н.Молыбаевпен, М.Жүсіповпен, Т.Үркімбаевпен, М.Көкеновпен, т.б. ақындармен өнер сайысына түсті. Шығармалары мерзімді баспасөзде, «Пернедегі термелер» жинағында жарияланған (1965). Оның «Жаппасбай батыр» (1944), «Қашақбай елдің ері» (1948), «Ақмешітке 150 жыл» дастандары, ерлік пен елдікті, теңдік пен бірлікті жырлаған «Ұлы ұстазым», «Қаһарлан, халқым, қаһарлан», «Аттанған ерлерге», «Қос қыран» атты өлеңдері жарық көрген.