Даража Тұрмағамбетова 1951
жылы Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген. Қарасақал Ерімбет,
Н.Көлдейбекұлы термелерін, Арал туралы жырларды нақышына келтіре орындайды. Әрбір
айтқан нақыл сөздері көкейге қонымды. Төрт баланың анасы. Зейнеткер.
Жыршы-термеші 2008 жылы аудандық «Сүлейлер салған сара жол» термешілер
байқауында Бас жүлдені, 2009 жылы аудандық «Сүлейлер сөзі саф алтын» термешілер
байқауында І орын, 2011 жылы Сыр елінің халық ақыны Байназар Өтептің
мерейтойына арналған «Халқыма қадірменді
сөзім жетсе» атты термешілер байқауының жеңімпазы.