1943-1947
жылдары Нартай Бекежановтың концерттік бригадасының құрамында өнер көрсеткен.
Шығармалары «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы» (1973 жыл), «Халық поэзиясы және
бүгінгі өмір» (1979 жыл), «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» атты
кітаптарға енген.
1943-1969
жылдары айтысқа қатысқан. Сыр жырауларының мақамдарын дыбыс таспасына түсірген.
Жыр
қорында «Жеңіс» (А.Бегімов), «Сөз сөйлейін, жалпыдан» (Базар жырау), «Ардақтап,
халқым жоқтаса», «Жақсы адам жаз қылады қыс күніңді», «Сыр сүлейлері», «Табыс
тасқыны» (Н.Молыбаев), т.б жыр-термелері бар.