САРДАРБЕК ҚОЖАҒҰЛОВ
1946 жылдың 27 маусымында Қазалы қыстағында дүниеге келген. 1965 жылы Алматы ауылшаруашылық институтына түсіп, оны бітіргеннен кейін қызмет бабымен Алматыда орналасып қалған. Сардарбектің негізгі ұзақ жырлары Тұрмағамбеттің «Үш дос», Нұрхан Ахметбековтің «Қарға» поэмасы, Тұрмағамбеттің «Рауа-Бану»  дастандары. Сонымен қатар Шораяқтың Омарының,  Балқы Базардың, Нұртуғанның термелерін орындайды.